Исламды әр мемлекет өзіне бейімдеді ме?

    50

    Ислам — барша адамзатта келген дін. Яғни әлемдік дін. Олай болса оның талаптары мен қағидалары да адамзатқа ортақ. Бірақ ислам бір болғанымен оның қағидалары мен талаптарын әркім әртүрлі, өзінше түсінеді. Мемлекеттер де исламды қабылдағанымен қалыптасқан дәстүрі, жүргізіп отырған саясатына байланысты әртүрлі талқылайды. Сондықтан белгілі бір шарттар негізінде адаптациялануы исламның кемшілігі емес, керісінше артықшылығы саналады. Себебі исламды бір ғана түсінікпен шектеуге болмайды. Бірақ мұнда да исламның қағидаларын өз мүддесіне, пайдасына қарай бұрмалаушылық болмауы керек. Ондай болған күнде бәрібір ислам оны құптамайды.

    Ал арабтарға келер болсақ, дүниегі Құран бойынша өмір сүріп жатқан мұсылмандар солар ғана деп айта алмаймыз. Себебі, қазіргі араб елдерінде (Сауд Арабиясы, Қатар, Күвейт) исламның Уахабизм бағыты таралғандығы ресми дін мәртебесі берілгендігі белгілі. Олай болса, бұл исламның бір бағыты (біз үшін радикалды). Ал ислам қағидалары өте кең. Сондықтан әйел –еркектің бөлінуі, әйелдердің әурет жерлерінің жабылуы сияқты ерекшеліктер тек арабтарға тән қасиет емес. Діннің шариғат бойынша бұйрықтарын орындауға қарсы келмейтін елдердің барлығында солай (Индонезия, Малайзия, Иран т.б.)

    Исламның ерекшелігі оның универсалдылығында. Ал қазіргі зайырлы елдерде (араб елдері де зайырлы) исламды ұстануға мүмкіншілік мол. Сонықтан дін мен мемлекеттік жүйені бір-біріне қарсы қоюға тырысу дұрыс емес. Ең алдымен ислам жеке адамға үнейді. Құдай мен адам арасындағы байланыс. Сондықтан саяси қайшылық тудыру исламға, адамға пайда емес зиян әкеледі.

     

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    Пікір жазу