Иранда арақтан 24 адам мерт болды

    0
    77

    Астана. 2 қазан. KAZISLAM –  Иранда алкогольді ішімдіктен жаппай улану фактісі тіркелді. Оның салдарынан 24 адам мерт болып, тағы 290 адам ауруханаға түсті, деп жазады ISNA агенттігі.

     Иран медициналық жедел-жәрдем басшысы Хосейн Куливанданың мәлімдеуінше, аурухунадағы үш адамның жағдайы өте ауыр. Арақтан улану үш бірдей провинцияда тіркелген – Хормозган, Хорасан, Альборз, Кохкилуйе-и-Бойер-Ахмад.

    Айта кетсек, Иран заңнамасында алкогольді ішімдік пайдалануға 80 дүре қамшы жазасы тағайындалған.