Ирак түрмесінде де Қазақстан әйелдері бар

    129

    Қазіргі уақытта Ирак түрмесінде Қазақстанның бірнеше әйелі отыр. Ресми ақпаратқа сенсек, Ирак билігі ол әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айырған.

    Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, ол әйел адамдар елге қайта алмайды.

    «Себебі, біздің мемлекетіміз бен Ирактың арасында жазасын өтеушілерді елге қайтару  туралы келісім жоқ. Сол себепті, Қазақстан аталған әйелдердің балаларын елге қайтаруды жоспарлап отыр. Біздің ақпаратымызша, шамамен 14-15 бала елге қайтарылуы тиіс. Бірақ, олардың ішінде Атырау облысының балалары жоқ» — дейді Қ.Көшқалиев. 

    Пікір жазу