Ирак ДАИШ-тан зардап шеккендерге көмек береді

    376

    Ирак билігі ДАИШ террористік ұйымынан зардап шеккен әр езид этносы өкіліне қаржылай көмек береді, деп хабарлайды Islam Today.

    Al Jazeera агенттігінің мәліметінше, содырлар озбырлығынан аман қалған әр езид ел үкіметінен 1,6 мың доллар жәрдемақы алатын болды. Мұндай шешім Бағдат өкілдері мен Ирактағы Күрдістан билігі кездесуінен кейін қабылданған.

    Еске сала кетсек, Ирак пен Сирияда тұратын езидтер ДАИШ террористерінен үлкен зардап шеккен қауым. Содырлар діни топтың он мыңдаған өкілін өлтіріп, ұрлап, саудаға салған және құлдықта ұстаған.