Ингушетия: Терроризмге байланысты қылмыстық іс қозғалды

    170

    Ингушетияның Сунжа қаласында терроризмге қарсы операция кезінде екі содыр жойылғаннан кейін екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп аймақ бойынша РФ  Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

    «РФ ҚК 317 — бабында («Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу») және РФ ҚК 222-бабынын 2 бөлімінде («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қару-жарақтың заңсыз айналымы») қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген.

    Тергеу мәліметтеріне сәйкес, операция кезінде екі содыр құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудыра бастады, ал кері соққы нәтижесінде шабуылдаушыларға оқ тиіп, сол жерде өлтірілді.

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардың арасында зардап шеккендер жоқ, деп тергеу комитеті хабарлады.

    Бұған дейін хабарланғандай, 30 мамыр күні Сунжада лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған екі содыр жойылды.

    Олар терроризмге қарсы операция барысында қаланың шетіндегі шаруашылық құрылыстардың бірінде қоршалған, сол жерде қару,оқ-дәрілерілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылған.

    Пікір жазу