Имам Әбу Ханифа тіл тигізудің мысалы

    0
    279

    Күндердің күнінде ел арасында арыздануымен танымал кісі болыпты. Ол бірде Имам Әбу Ханифа туралы жаман ой түйіп, оны қаралауға тырысады. Содан бір күні ол Абдулла ибн Мубарактың алдына барып, имам туралы түрлі пасық сөздерді айта бастайды. Біршама уақыт тыңдап отырып, Абдулла оның сөзін бөліп:

    — Сен мені тыңда. Сенің мысалың – тауды тапжылмай сүзіп жатқан мүйізі ұзын қошқар секілді. Ал, имам, ол – негізі тереңге кеткен тау. Сол тауды қанша сүзгеніңмен оған ешқандай зияныңды тигізе алмайсың. Сен болсаң түптің түбінде мүйізің сынып, қойлардың алдында абыройсыз қаласың, — деп аузын жапқан екен.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

     дінтанушы