Имам: Шетелге кетпес бұрын, аталған оқу орындарында білім алған жөн

    125

    14 ақпан.  KAZISLAM — Бүгінгі күні Қазақстаннан 300 студент шет елдердерде теологиялық оқу орындарында білім алып жүр. Имамдар Қазақстан діни басқармасы емес, бейресми жолмен білім алуға кетіп жатқандарға айтарлықтай қауіп төнетіндігін айтады. Бұл жөнінде Azattyq Rýhy жариялайды.

     «Алғашқы діни білім базасы жоқ, өзіміздің дәстүрлі құндылықтарымызды үйренбеген, медресе табалдырығын аттамаған жастар үшін  шетел асып, білім алу – қауіпті. Оның себебі – жастардың іс-әрекетін ешкім қадағаламайды. Белгісіз білім ошақтарының ата дінімізді қаншалықты оқытатыны, жалпы не үйрететіні белгісіз. Діни білім алғысы келгендерге шекара аспай-ақ Қазақстанда да оқуға болады. Мешіттерде сауат ашу курстары бар. Білімін ары қарай жалғастырғысы келгендер – медреселерге, университеттерге бара алады. Шетелге кетпес бұрын, аталған оқу орындарында білім алған жөн. Қазақстан мұсылмандары деструктивті ағымдардың жетегінде кетіп қалатын болса, ол қоғамға қауіп төндіруі мүмкін», — дейді Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Аян Алыпқашев.

    Пікір жазу