Жаңалықтар

Израиль әскері Сирия емханасына шабуыл жасады

Астана. 12 ақпан. KAZISLAM – Израиль әскері Сирия территориясына кезекті шабуылын жасады. Шабуыл Сирияның Кунейтр провинциясына бағытталды, деп хабарлайды  IslamNews.

САНА агенттігінің мәліметінше, израильдік әскер кешкілік сағат 18.30 шамасында әуе соққысын Телль ад-Духур қаласына Джубата аль-Хашаб, Телль ад-Даръайя және Телля Халид биіктігінде жасаған. Бір сағаттан соң тағы бір соққы жасалды. Әскерилердің нысанасында күштік құрылым және емхана ғимараттары да алынған. Агенттіктің хабарлауынша шабуыл салдарынан ғимараттар қираған, жапа шекпеген адамдар жоқ.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close