Жаңалықтар

Израильдіктер түрмеден шыққан қызды батыр ретінде қарсы алды

17 жастағы палестиналық белсенді Ахед Тамими Израиль түрмесінен шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

The Times of Israel хабарлауынша, ол Израиль қорғаныс армиясы әскерінің бетінен шапалақ ұрғаны үшін сегіз ай қамауда болды.

Тамими туған қаласы Наби-Салехке келген кезде жерлестері оны батыр ретінде қарсы алды. Жиналған көпшілік Палестина туы мен плакаттарды ұстап қыз бен анасына қошемет көрсетті.

Палестиналық автономияның басшысы Махмуд Аббас та онымен арнайы кездесіп, «палестиналық күрестің, тәуелсіздіктің және тәуәлсіздік үшін күрестің үлгілі азаматы» ретінде атады.

2018 жылдың 21 наурызында Ахед Тамимиге айыппұл төлеу және сегіз ай қамауға алу туралы жаза қолданылды. Оған Наби Салах қаласындағы тәртіпсіздік кезінде израильдік әскерилерге шабуыл жасалды деген айып тағылды. Израиль армиясы араб қыздар әскерилерді зорлық әрекеттерге мәжбүрледі деп жариялады.

Тамими 12 жаста болғанда 2012 жылдан бастап тәртіпсіздіктерге қатыса бастайды. Ресми деректерге сүйенсек, израильдік түрмелерде жеті мың палестиналық азамат, оның ішінде 300 бала отыр.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close