Жетісу жерінде Рудничный ауылында «Мол Береке» мешіті ашылды

    425
    Алматы облысы Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында «Мол Береке» мешіті ашылды.
    Талдықорған Орталық мешітінің ақпаратынша, шараға Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев, Талдықорған өңірінің өкілі имамы Ардақ Оразбаев, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов, Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Медетбеков және Рудничный ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

    Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр келген қонақтарды құттықтап, ұлттық мейрам Наурызда мешіттің ашылуын жақсылыққа балады. Бұдан бөлек, мешітті салуға атсалысқан азаматтарға рахметін айтып, алғыс хатпен марапаттады.

    Өкіл имамы Оразбаев Ардақ мешіт салған кәсіпкер Есхат Мейрамұлына  еліміздің рухани дамуына қосқан үлесі мен сауапты істері үшін Алғыс хатын табыстады. Ауыл ақсақалы Сәбит ата бата беріп мешіттің лентасы қиылды.

    Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы мешіт имамын жамағатқа таныстырды.