Жетісу жамағаты «Біз біргеміз» акциясына үн қосты

    85

    ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосуға байланысты Үндеуіне Жетісу мешіттері жамағатының «Жақсылыққа жарысайық» еріктілер тобы да қатысты.

    Еріктілер тобының мүшесі, «Жетісу» футбол клубының қатысушысы Аслан Дарабаевтың қаржылық қолдауымен көпбалалы 30 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілді.

    Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы қайырымдылық тобын өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады.

    Пікір жазу