Жаңалықтар

Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу басталды

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Қарағанды облысының Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында қаладағы көлік қозғалысын шектелетіндіктен көшелер ішінара жабылуы мүмкін. «Оқу-жаттығудың кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады» делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тұрғындардан іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауын сұрайды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close