Жаңа Зеландияда қару ұстау туралы заң күшейтіледі

    0
    47

    Астана. 19 наурыз. KAZISLAM – Жаңа Зеландия билігі қаруды бақылау саласындағы заңнаманы өзгерту жұмыстарын бастап кетті. Ал Крайстчерч қаласында мешітке шабуыл жасаған Брентон Таррант адвокаттан бас тартып, сотта өзін қорғайтын болмақ, деп хабарлайды Islam.ru.

    Жаңа Зеландия премьер-министр Джасинда Ардерн 17 наурыз күні министрлер кабинеті қаруды ұстау және сату саласындағы заңнаманы күшейту жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

    «Біз барынша тездетіп осы істі алға жылжытқымыз келеді» деген үкімет басшысы қаруды бақылауды күшейту жоспарлары жасалатынын жеткізді. Еске салсақ, қос мешітте 50 адамның өмірін қиған терактіге кінәлі делінген 28 жасар Брентон Тарант терактіден қолданған бес дана қаруды заңды түрде ұстаған.