Жаңалықтар

#Жақсылық жаса: Жас жұбайлар көпбалалы отбасыға көмектесті

Батыс Қазақстан облысында жас жұбайлар көпбалалы отбасыға азық-түлік жеткізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ақжайық ауданында жаңа отау көтерген Тынымгерей мен Мәлика Амангелдиевтер үйлену тойы кезінде қымбат кортеждер жалдап, көңіл-көтерудің орнына қайырымдылық жасауды жөн көріпті.   Өңірде басталған «Жақсылық жаса» жастар марафонын қолдаған жас жұбайлар аудан орталығы Чапаев ауылында тұратын көпбалалы отбасыға азық-түлікпен бірге қаржылай қолдау көрсетті. Отбасылық өмірін осылайша шарапатты іспен бастаған жастар 9 баланы өмірге әкеліп, өсіріп отырған отағасы мен отанасының алғысына бөленді.

«Үйлену тойы – өміріміздегі ең үлкен қуаныш. Біз отбасылық өміріміздің алғашқы ақ парағын қайырымдылықпен бастағымыз келді. Біздің ниетімізді ата-анамыз қуана қолдады. Біз мұны атымызды шығару немесе мақтан үшін емес, жүрек қалауымызбен жасадық. Біз осы қадамымыз арқылы басқа да жас жұбайларды ойландырғымыз келді» дейді Тынымгерей Амангелдиев.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close