Жат ағым жастарды жаңылтпасын

    798

    22 сәуір. KAZISLAM – Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында мектеп мұғалімдері мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды «Өскен өңір» газеті.

    Жиын барысында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының орынбасары А.Боранбаев жат ағымның алдын алу жолдарын көрсетіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталған. Сонымен қатар, елді дүрліктіріп, дінді қаралап жүрген жат ағымдар тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе екендігін, жат ағым жетегіне кеткен азаматтар жақсылыққа шақырып, қамқорлықты үгіттеудің орнына, тура жолды табамыз деп, шетел асып туыстарынан айырылды. Бақытқа кенелеміз деп, бастары қайғыға ұшырады дейді.

    Аймақта діни тұрақтылықты сақтап, елді адастырып жүрген жат ағымдардың алдын алу мақсатында жұмыстар өз жалғасын табуда. Олар жыл көлемінде қоғамдық орындарда акциялар, түрлі форматтағы кездесулер өткізілетіндігі келтірілген.