«Жастар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

    749

    23 мамыр. KAZISLAM –  Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жастар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ақмола облысының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы Facebook желісіндегі парақшасына.

    Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, сонымен қатар жастар жылы аясында ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты – жастардың діни экстремизм мен терроризмнді алдын алудағы азаматтық ұстанымдарын күшейту, отансүйгіштікке және зайырлы құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады.

    Жастар — біздің қоғамның ең белсенді бөлігі. Олар жас, болашағы зор, шығармашыл, олардың қолында Қазақстанныңертеңгі күні. Дегенмен, бүгінгі күні деструктивті діни ағымдардың көпшілігі жастардың өз қатарына тартатындығына баса назар аудару керектігі айтылған.

    Іс-шараға Көкшетау қаласының мектептері, ТжКБ және ЖОО студенттері қатысты.

    Спикерлер ретінде Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының арнайы жоба бөлімінің бас маманы Әділет Сембі қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі: даму шарттары, қызығушылығы және әуестігі туралы сөз сөйлесе, Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығынығ Кеңес беру-оңалту бөлімінің басшысы Ю.Трофимова зайырлылық тақырыбында, ал  Орталықтың бөлім басшысы М.Ахметқалиев «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесі», Орталық маманы И.Бекишева «Деструктивті діни ағымдардың жастарға әсер ету қаупі» тақырыптарында жастар алдында сөз сөйледі.

    Шараға қатысқан жастар өз ойларымен бөлісіп, шараның маңызды және қажет екендігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.