Жалған хабар берген өскемендік сотталды

    133

    14 ақпан. KAZISLAM – Өскемен қалалық №2 соты полиция қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

    2019 жылдың 30 мамырында 39 жастағы қала тұрғыны полицияға қоңырау шалған. Ол Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғандығы туралы мәлімет жеткізген. Алайда бұл жалған хабарлама болып шықты. Осының салдарынан мемлекетке 75 439 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріп, тергеу амалдарын бастайды. Кейіннен оның ісі сотқа жеткен.

    Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді, — дейді қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

    Пікір жазу