Есім ауыстырғандағы өзгерістерді Ислам қалай түсіндіреді?

    95

    Ата-ананың басты мідеттерінің бірі балаға дұрыс ат қою екендігі белгілі. Кейбір жағдайларда адамның аты (есімі) оның өміріне әсер ететін жағдайлар болады. Яғни қазақта «жақсы сөз –жарым ырыс» дейді. Бұл қолданылған сөздің нәтиже тудыратындығының белгісі. Кейбір кездері балаларға ауыр есімдер қойылады. Бұл психолог мамандар тарапынан да нақтыланған жағдай. Сондықтан балаға өте ескі, басынан ауыр тағдыр өткізген адамдардың есімдері берілмегені абзал. Берілген болса аурушаң, нәзік болуы болмаса міез құлқының өзгеру ықтималдығы бар. Сондықтан да кейбір жағдайларда есімдерді ауыстыру жағдайында балалардың сауығуы орын алып жатады. Исламда сөздің ауырлығы мен өтімділігі жоққа шығарылмайды. Тіпті пайғамбарымыз да: «Не жақсы сөз айт, болмаса үндеме!» деген насиат айтқан. Демек жағымсыз сөздер, ауыр есімдер жағымсыз нәтиже тудыратындығын жоққа шығармайды. Бірақ бұл бір қағида емес. Барлық баланың ауруы есіміне байланысты болады деген қорытынды шығаруға болмайды. Ең басты қағида баланы қорлайтын, достарының арасында ұялтатын, мағынасы түсініксіз есімдерді қоймаған абзал. Сол себепті де немерелердің атын қою абыройы ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерге беріліп жатады. Ол кісілер жақсы дұғамен, жақсылыққа ниет етіп жақсы есімдер қояды деп сенеміз.

    Кеңшілік ТЫШХАН

    филос. ғ.к., дінтанушы 

    Пікір жазу