Хассан ибн Әбу Синанға: «Жағдайың қалай?» – дегенде: «Өлетін, сосын қайта тіріліп, есепке тартылатын адамның жағдайы қандай болушы еді», – депті.

* * *

Хатам әл-Асам Хамид Ләффафқа:

– Қалайсың? – дейді. Хамид:

– Аман-есен, – дейді. Хатам оның бұл жауабын ұнатпай:

– Әй, Хамид! Амандық сырат көпірінің ар жағында, ал есендік жәннатта болады, – деген екен.

* * *

Иса пайғамбардан (ғ.с.) «Таңды қалай атырдыңыз?» – деп сұралғанда: «Үміттенген нәрсемді дайындауға, қауіптенген нәрсеме тосқауыл болуға, шамам жетпеген халде таңды атырдым. Істеген істерімнің бодауында болған халде таңды атырдым. Барлық жақсылық – өзгенің қолында және менен мұқтажырақ адам жоқ», – деп жауап береді екен.

Дайындаған — Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу