Ержан Нүкежанов

Ержан Нүкежанов — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы. 

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы — тарих магистрі.

Еңбек жолы:

2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған.

2002–2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2009–2016 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен.

2016 жылғы маусым айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2018 жылғы сәуірдегі ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарған.

Е. Нүкежанов туралы