Елорда әкімі ҚМДБ наиб мүфтиін қабылдады

    698

    19 шілде. KAZISLAM – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті, деп жазады astana.gov.kz.

    Кездесу барысында тараптар Құрбан айт мерекесіне дайындық және өткізу мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ Алтай Көлгінов Митрополит Александрмен кездесті. Кездесу барысында Алтай Көлгінов қалада бейбітшілік пен келісімді, конфессияаралық татулықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады.