Египетте көше ауызашары дәстүрге айналды

    0
    342

    Қасиетті Рамазан айында Египет көшелерінде ауызашар дастарқаны жайылмайтын көше кемде-кем. Мұсылмандар Алланың разылығын алу үшін туыстары мен достарына, көршілеріне арнап күн сайын кешкілік көшеде ауызашар жасайды. Бұл туралы Ansar.ru сайты Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

    Кедей-кепшіктерді тамақтандырудан басталған іс бүгінде игі дәстүрге айналған. Қазір қала көшелері мен аудандарында тұрғындар кешкілік көше бойында бірге ауыз ашып, емен-жарқын әңгімелеседі. Тіптен, Каир қаласында халық арасында ең үлкен ауызашар дастарқанын жасаудан сайыс та өтіп тұрады екен.

    Мысырлық Муатаз Абурийе жыл сайын Каир орталығында достары мен көршілеріне арнап ауызашар береді. «Мен дастарқанға ет, тауық еті, күріш, салат және басқа да ас-тағамдар қоямын» дейді киім дүкенінің иесі Муатаз.

    Ал Каирдың батысындағы Умм Реза ауылының тұрғындары екінші жыл қатарынан жалпыаулыдық ауызашар ұйымдастырып келеді. Бастаманы ауыл мұғалімі Халид Камал көтерген. «Мен Рамазан айында ауыл халқын басқосуға шақырдым. Бұл барлығына ұнады» дейді ол.

    Сонымен қатар Египетте жарты ғасырға жуық христиандар да ауызашар ұйымдастырады. Шенуда христиан-копт басшысы Рамазан айында ауызашар жасап, халық бірлігін нығайтуға атсалысып келеді.