Дұғаның шарттары қандай?

    218

    «Дұға» – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

    Дұғаның қабыл болуының ең үлкен, ең маңызды шарттары төмендегідей:

    Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру

    Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты.

    Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану.

    Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану.

    Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек.

    Пікір жазу