Дін қызметкерлері мектеп ауласына көшет отырғызды

    499

    24 сәуір. KAZISLAM – Жамбыл облысындағы дін қызметкерлері Тараз қаласындағы және қала аумағындағы елді мекендерде орналасқан мектептердің аулаларына 200-ге тарта ағаш көшетін отырғызды.

    Шараны ұйымдастырған ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкілі Қанат Жұмағұл: «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Дін мамандарының бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Осындай сауапты шараны алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз», — деді.

    Өкіл имам бастаған  «Һибатулла Тарази» мешіті мен медресесінің ұжымы №23 орта мектептің ауласына 50 түп тал ексе, қала маңындағы өзге мешіт қызметкерлері  №21, №55, №9 орта мектептердің ауласына 140-тан астам ағаш отырғызды.

    Егілген көшеттердің ішінде қараағаш, жеміс ағаштары, өзге де көшеттер бар.