Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен семинар-тренинг басталды

    91

    Нұр-Сұлтан. 14 қараша. KAZISLAM – Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының пәрменділігі» тақырыбында дәріс және тренинг түрінде оқыту семинары өтіп жатыр.

    Екі күнге созылатын шараға қатысушылардың дені – ақпараттық-түсіндіру топтарының аймақтық мүшелері. Сондай-ақ, семинардың ашылуына Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, комитет қызметкерлері мен теологтар, дін өкілдері қатысты.

    «Семинардың негізгі мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының ең тиімді әдістерін зерделеу және талқылау. Спикерлер өз дәрістері мен тренингтерінде ақпараттық – түсіндіру жұмысының тиімділігі, құрылымы мен проблемалық аймақтары, сондай-ақ халықтың діни сауаттылығын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары туралы айтып береді» — дейді ұйымдастырушылар.

    Ал ертең семинар тренинг қорытындыланып, облыстық және аймақтық АТТ белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өтеді.

    Пікір жазу