Дін саласы бойынша стратегиялық құжат қабылдау қажет – Абаев

    1151

    27 қаңтар. KAZISLAM – «Жусан» операциясының арқасында елге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты.

    «Дін саласында біздің алдымызда келесідей міндеттер тұр. Біріншіден, орта мерзімді келешекте дін саласын дамыту бойынша стратегиялық құжат әзірлеп, қабылдау қажет. Биыл 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдасын жүзеге асыру мерзімінің аяқталатындығы белгілі», — деді Дәурен Абаев.

    Сонымен қатар, министр екіншіден, осы салаға басшылық жасайтын орынбасарына «Жусан» операциясының арқасында лаңкестік белсенділік ушығып тұрған аймақтардан елімізге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту міндетін жүктеді.

    «Үшіншіден, биыл Дінтанушылардың форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің XIX хатшылығын өткізу қажет. Төртіншіден, Алматы қаласында «Нұр-Мүбәрак« университетінің жаңа корпусының құрылысын бастау керек», — деді ол.

    1 Пікір

    1. Құрметті мырза / ханым,
      Бұл көпшілікке Adity apradhan медициналық екенін хабарлайды
      аурухана байыпты және шұғыл түрде сау бүйрек донорларын іздейді
      бүйрегін $ 780,000 АҚШ долларына сатуға 100% ауыр адамдар
      қызығушылық танытқан донорлар біздің электрондық поштаға хабарласуларыңызды өтінеміз
      «DR.PRADHAN.UROLOGIST.LT.COL@GMAIL.COM»
      немесе +91 9873591114, 15733337443 нөміріне қоңырау шалыңыз.
      Веб-сайт: http://www.drpradhanurologist.com.
      біздің ватсапқа хабарласа аласыз: 15733337443
      біз сізге барынша қанағаттануға уәде береміз және сіздің шұғыл әрекетіңізді күтеміз
      сәйкестік, өйткені біздің құрметті пациенттер бүйректі күтуде
      трансплантациялау
      Құрметпен.

    Пікір жазу