Дін саласының мамандары біліктілігін шыңдады

    92

    8 қараша. KAZISLAM – Жуырда Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Асар» ақпараттық талдау орталығы ұйымдастыруымен оңалту жұмыстарымен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

    Семинардың екінші күні дәрісті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің» аға оқытушысы, Phd докторанты Серік Таджибаев оқыды.

    Маңғыстау облысы бойынша ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарымен айналысатын мамандар пайғамбар ақидасы, әдет-ғұрып заңдылықтары және зайырлылық принциптері, т.б. тақырыбында дәріс тыңдап, қоғамдағы діни мәселеге қатысты сұрақтарға тұщымды жауаптар алды.

    Жиын соңында мамандарға сертификат табысталды.

    Пікір жазу