Дінтанушыларға арналған оқулық жарыққа шықты

    312

    9 қазан. KAZISLAM – Отандық Дінтану ғылымы жаңа оқу құралымен толықты. Нұр-Мүбарак университетінің докторанты әрі қызметкері Мұратхан Махметтің «Яһудилік (тарихы, сенімі, құлшылығы)» атты оқу құралы жарық көрді.  

    Қазіргі таңда елімізде дінтану саласы өзекті болғандықтан, ел арасында діни сауаттылықтың да маңызы арта түскені анық. Өйткені жұртшылықтан бұрын мамандарға діндердің тарихы, негізгі бағыты, айырмашылықтары мен құлшылық мәндерін ажырата білу – уақыт талабы.

    Ал яһудилік дін жайлы көпшілік естігенімен, ол жайлы мағлұматтарды біле бермесі анық. Б.д.д. II мыңжылдықта Палестина жерінде қалыптасқан еврейлердің ұлттық діні. Бүгінгі күнге дейін әлемнің түрлі елдерінде еврей халқының басым бөлігі ұстанатын көне монотеистік (бір құдайлық) дін. Ал бүгінде Израиль елінің бейресми мемлекеттік діні, аталған ел мен Америка қатарлы әлемнің көптеген елдерінде жиырма миллионға жуық яһуди өмір сүреді.

    Оқу құралында яһудиліктің тарихы, діни сенімі, құлшылықтары мен діни ғұрыптары, қасиетті күндері мен мерекелері, қозғалыстар мен ұйымдар, мистикасы, құқықтары мен этикасы қамтылған. Сондықтан бұл оқу құралы мектеп, медресе, жоғары оқу орындарында «Дінтану», «Исламтану», «Теология» мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, сондай-ақ, діндер тарихына қызығушылық танытқан жалпы оқырман қауымға арналған. 

    ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасының оң қорытындысына ие болған еңбектің жауапты редакторы PhD докторы, доцент Қайрат Құрманбаев, белгілі ғалымдар филос.ғ.д., профессор Қ.Борбасова, филос.ғ.д., профессор Б.Сатершинов, филос.ғ.д., профессор Қ.Затов мырзалар оң пікір білдірген.

    Пікір жазу