Діни ұғымдардың мағынасы

    0
    3

    Балиғат жасы

    «Балиғат» сөзі араб тілінде тілдік мағынада белгілі бір деңгейге жету, есею, толу деген мағыналарға саяды.

    Терминдік мағынада балалық шақтан өтіп мойнына атқару керек міндеттердің жүктелетін уақытын білдіреді. Намаз оқу, ораза ұстау секілді амалдар балиғатқа жеткен жігіт үшін парыз саналады.

    Балиғатқа жету уақыты: баланың бойына ұрық келген сәтте ал, қыздың айлық етеккір келген уақыт болып саналады. Шамамен балиғатқа бала 12,13 жас ал, қыз 9,10 жас аралығынба толады. Алайда, күн суық құрлықтарда өмір сүретін жастардың бойында мұндай уақыттар 15,16 жас шамасында кеш келеді.

    Ниқаб

    «Ниқаб» сөзі тілдік мағынада жабыну дегенді білдіреді.

    Терминдік мағынада «ниқаб» сөзі қыз-келіншектер денесінің көзінен басқа барлық жерін жабуды айтады.

    Чадра

    «Чадра» Иран мемлекетінде кең тараған киім үлгісі. Чадра бастан аяққа дейін денеде бос тұрады және киімнің сыртынан киеді.

    Паранжа

    «Паранжа» Орталық Азия елдерінде атап айтсақ Ауғанстанда кең тараған киім үлгісі. Ол бастан аяққа дейін созылады. Көздің өзі тормен бүркеп жабылады.

    Қысқа балақ

    Абдулла Ибн Омардан, Алланың Елшісі: «Алла тәкәппарланып киімін жерге сүйретіп жүрген кісіге қиямет күні назар салмайды» деген.. Мұны естіген Әбу Бәкір: «Уа, Алланың Елшісі: «Менің изарымның бір жағы егер қадағалап жүрмесем түсіп кетеді», – деді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Әбу Бәкір! Сен оны тәкәппарланып жасамайсың ғой», – деді. (Бухари 4/23).

    Әбу Хурайрадан, Алланың Елшісі: «Кімде кім киімін тобықтан төмен түсірсе тозақта» деген. (Бухари 5787).

    Сақал

    Ардақты пайғамбар (с.а.у.): «Мұрттарыңды қысқартыңдар, сақалдарыңды ұзартыңдар» деген. Бухари, әл-Әнбия, 50 бет.

    Ханафи ғалымдары бойынша сақалдың бір тұтам ұзындықта болуы – сүннет (Әл Бахрур Раиқ, Хашяту Ибни Абидин – 3/20 бет). Ал, одан қысқа етіп алу немесе мүлдем қырып тастау дұрыс саналмайды (Ибн Абидин, Раддуль Мухтар – 3/398 бет).

    Имам Шафиғи, әл-Ғазали, Рафий, Нәуәуи және Мәлики мазхаб мүшелері, Қади Ияз секілді ғалымдар болса, сақал қыруды харам емес, мәкрүһ деген пікір білдірген. Әбу Дәуудтің хадистерін талдап түсініктеме жазған Хаттаби хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) он нәрсенің адам жаратылысының табиғатынан екенін айтып сақал қоюды да осылардың арасына жатқызған хадисінің түсініктемесінде ғалымдардың көбісінің бұл жердегі хадисте айтылған «табиғатты» (фытрат) «сүннет» мағынасында дегенін жазады.

    Мысыр еліндегі «Пәтуә шығару басқармасы»  2013 жылы, 7 қаңтардағы жасаған баяндамасында: «Сақал қою парыз емес, ұнамды іс», деген пәтуә шығарған (http://almesryoon.com/permalink/77335.html).

     

    Дайындаған А.Алтынбекұлы