Ислам және қоғам

Діни қызметкерлер арасында «бастық синдромы» басым болып тұр — исламтанушы

Діни қызметкерлер арасында «бастық синдромы» басым болып тұр. Мұндай пікірді бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде теолог-исламтанушы Асқар Сабдин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Діни-уәжді экстремизм және дерадикализация проблемаларымен айналысып жүрген «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Асқар Сабдин осы уақытқа дейін түрмеде отырған лаңкестермен, радикалдармен, экстремистік сипаттағы қылмыстық істердің куәгерлерімен 700-ден астам сұхбат өткізген.

«Осы қызметтердің барлығы маған негізгі байқағандарым жайында пікір айтып, діни саланы тұрақтандыру бойынша жекелеген шараларды ұсынуыма мүмкіндік береді. Діндарлар арасында байқалып отырған басты тенденция — бұл діни саладағы ресми субъектілерге сенім дағдарысының артуы. Бұл діни мәселелердегі құзіретсіздікке, коммуникациялық дағдылардың жоқтығына, аталған жамағатпен сұхбат жүргізе алмау және байланыс орната алмауға байланысты. Бұған қоса, діни саладағы жүйелі субъектілердің тарапынан «бастық синдромы», қимылсыздық, проблеманы шешудің орнына оны бүркемелеу, қоғам алдындағы ашықтың жоқтығы байқалады», — деді ол.

Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің басым көпшілігі діннің не екендігін білмейді. Соған қарамастан олар діни тақырыпта пікірталас жүргізуге тырысады.

«Өз кезегінде бұл кері әсерін береді. Адам ізденудің орнына өзінікінің дұрыстығына, нанымы нағыз шындық екендігіне сенімді бола түседі. Радикалдармен жұмыс істейтін адамдарға қатысты субъект критерийлерінің болмауы осындай жағдайға әкеп отыр. Кабулдан, Каирдан имамдар келіп, діндарларды одан ары радикалдандыра түсті», — деді исламтанушы.

Фото: www.maturidi.kz

https://www.inform.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close