Діни бірлестіктер мен этнос өкілдері мұражайда бас қосты

    33

    Шығыс Қазақстан облысында тіркелген діни және этномәдени бірлестік өкілдері «Халифа Алтай» мешітінде ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.

    Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдров діни бірлестіктермен мемлекеттік мекемелер өкілдерін қарсы алып, мұражайды аралатып, таныстырды.

    Оларға әр жәдігерді толық түсіндіріп, мұражай Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін мұраларға толы екендігін жеткізді.

    «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы ұлтымыздың тарихи санасын жаңғыртып, діни- ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналуына өз ықпалын тигізетін тың бастама ретінде бағаланып отыр. Мұнда жастар, оқушылар, әр мемлекеттен келген туристер, басқа облыстардан қонақтар келіп тамашалап, тарихымыздан мол мағлұмат алуда» — деді Б.Кәдров.

    Мұражайды аралаған діни бірлестік өкілдері ұлтымыздың бай тарихына және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасына таңданыс білдіріп, мұражайды жоғары бағалады.

    Пікір жазу