Дубай полициясы жол қауіпсіздігін күшейтеді

    192

    Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Дубай полициясы жол қозғалысы ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне жеке мәтіндік хабарлама жіберетін болады.

    Хабарламада жол тәртібін бұзушының 25%-100% аралығында жеңілдік алуға мүмкіндігі бар-жоқ екендігі жазылады. Хабарлама әр үш ай сайын жіберіледі. Осы уақыт аралығында жүргізуші жаңа айыппұлдар алмаған болса, бұған дейінгі айыппұл көлемі қысқарады. Бұл туралы көлік иесіне хабарламалар келіп тұрады.

    Дубай полициясы осылайша жол қозғалысына қатысушылардың көңіл-күйі мен жол қауіпсіздігін көтеруді көздеп отыр.