Деструктивті діни ағымдардың зияны түсіндірілді

    313

    22 шілде. KAZISLAM – «ҚР Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Құрық порты» ЖШС кәсіпорнында ақпараттық кездесу өткізді, деп жазады udr.mangystau.gov.kz.

    «Дін және экстремизм» тақырыбында өткен жиын барасында Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, заманауи ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірдегі орны, ұлттық қауіпсіздік, діни сауаттылық, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі жайында айтылды.

    Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлеріне терроризм мен радикалды ағымдардың соңына ерудің соңғы нәтижелері мен салдары баяндалған бейнероликтер көрсетілді.