Жаңалықтар

Дариға Назарбаева: ДАИШ қозғалысы қауіп төндіруі мүмкін

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Сенатор Дариға Назарбаева ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының қозғалысы қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Шынында, біз Астана процесінің Сириядағы жағдайды реттеуге қосқан үлесін мақтан тұтамыз. Оған қоса, Ресейдің Сириядағы проблемаға араласуының арқасында ДАИШ-тың соңғы қорғаны ғана қалды. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деген ойдамыз» деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, лаңкестердің қай бағытқа ойысатыны маңызды сұрақ болып тұр. «Олар келесі аймақ ретінде біздің жерлерге және Орта Азияға ойыспақшы ма? Біз Ресейдің Ауған шекарасында жасаған реттеу жұмысын жоғары бағалаймыз. ДАИШ лаңкестері Ауғанстанның солтүстігіне бағыт алуды жоспарлап жатқанын, одан әрі Орталық Азияға жылжымақшы деген ақпарат бар. Бұл жағдай бізді мазалайды» деді Дариға Назарбаева.

Еске салсақ, 7 ақпанда АҚШ Президенті Дональд Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымымен күресу науқанында олардың 100 басшысы мен он мыңға жуық әскері жойылғанын мәлімдеді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close