Жаңалықтар

ДАИШ-қа студент бопсалаған профессор ұсталды

Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Кабулда құқыққорғау органы өкілдері жоғары оқу орны студенттерін террористік ұйымға тартып келген профессорды ұстады.

Ауғанстанның Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратының хабарлауынша, профессор ДАИШ террористік ұйымына 100-ден аса студентті бопсалаған.

«Шейх Мохаммад Роухани мешітінің имамы және Абу Абдулла Метавакил университетінің профессоры жастарды ДАИШ қатарына қосумен айналысқан» делінген ресми мәлімдемеде.

Профессор қармағына түскен студенттер ДАИШ террористерінің Нангархар провинциясындағы ұяшығына жөнелтіліп отырған. Қазіргі уақытта террористік және үкіметке қарсы әрекеті үшін профессордың 16 студенті қамауға алынған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close