Германия мешіттері шетелден қаржыландырылмайды

    0
    218

    Германия билігі ел мешіттерін шетелден қаржыландыру мәселесін қайта қарауы мүмкін, деп хабарлайды Lenta.ru.

    Мешіттер қызметін католиктік және протестантық шіркеу салығы үлгісі бойынша қаржыландыруға көшіру ұсынылады.

     Қазіргі уақытта Германия федеративті республикасында 900-ге жуық мешіт бар. Оның басым бөлігі Режеп Тайып Ердоған жетекшілік ететін Түркия ислам одағы діни мекемесіне қарайды.

    Германия шенеуніктері елдегі мұсылман қауымдастықтары мешіттерін ел ішіндегі қаржылық ресурстар арқылы қаржыландыруы тиіс екенін атап өтті. Олардың пайымынша, бұл әдіс діни радикалдану қаупін айтарлықтай төмендетеді.