Германияда неше мешіт бар?

    114

    Қазіргі таңда Германияда неше мешіт бар екені беймәлім. Германияның өкілі Кристоф Шрактың мәлімдеуінше,  мемлекетте нақты тәртіп пен статистика бар, бірақ ешкім қанша мешіт, қанша намаз оқитын орын бар екендігін білмейді.

    Мұсылман ассоциациялары мен ғибадатхана туралы ақпараттың қаншалықты рас екендігі белгісіз. Германияда неше мешіт бар деген сұраққа ешкімнің жауап бере алмауының астарында заңдық сипат бар. Ислам дінің зерттеуші Майкл Блюмнің айтуынша: «Германияның Конституциясы діни ұйымдарды тіркеуді талап етпейді. Яғни, егер діни бірлестік немесе діни одақта заңды тұлға болмаса, олар тіркелмей қалады»,-дейді.

    Дегенмен, Германиядағы Орталық мұсылман одағы мешіттің саны шамамен 2500-дей бар екендігін айтты. Олардың көбісі тұрғын үйлердің артқы алаңында орналасқан ғибадатханалар. Оның 900-ге жуығы мешіттер.

    Ал Кристина Байерттің сараптамасы бойынша, 2500 ғибадатхана, сонымен қатар 240 мешіт бар. Германияда тұратын мұсылмандардың саны нақты.  4,3 миллион мұсылман халқы бар, бұл тұрғындардың бес пайызын құрайтынын мәлімдеді.

    Пікір жазу