Жаңалықтар

Газа секторы аумағынан Израильге әуе соққысы жасалды

Астана. 15 наурыз. KAZISLAM – Израиль орталығына Газа секторынан әуеден зымыранмен соққы жасады. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, түнгі уақытта Тель-Авивтің оңтүстігінде екі жарылыс болғаннан кейін, аймақта зымыран төнген қауіп-қатер дабылы естілді.

Гуш Дан  округіне де Газа Секторынан екі зымыран жіберілді. Израиль әскері оның бірін жолдан қағып үлгерген. Дабыл естілгеннен кейін тәртіп сақшылары ғимарат пен үйлердегі адамдарды сыртқа шығармай қойған. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Кей ақпарат көздері Тель Авивтің Газа аумағына қарымта соққы беріп жатқандығын хабарлайды. Шабуыл Хан-Юнис портына ұйымдастырылды. Әзірге қарулы қақтығыстың егжей тегжейі белгісіз. Адам шығыны жайлы да ақпарат түскен жоқ, деп жазады 24.kz.

«Газа аумағынан Тель-Авивке екі зымыран жіберілді. Бұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. ХАМАС-тың көзін құртатын кез келді. Өз азаматтарымызды қолдан келгенше қорғайтын боламыз» дейді Израильдің қауіпсіздік министрі Нафтали Беннетт.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close