Б.Смағұл: Дүнгендер Құранды ғана емес, қоғамды сыйлай білуі шарт

    286

    14 ақпан. KAZISLAM – Дүнгендер өзіміздің ислам дінінің Ханафи мазхабын ұстанады. Масаншыда – 12 мешіт, Сортөбеде 13 мешіт бар. Имамдардың барлығы ҚМДБ-ның бекітуімен, Бас мүфтидің бұйрығымен жұмыс істеуде. Аттестациядан өткен.

    Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл «Айқынға» берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті.

    Сонымен қатар, Бақытбек Смағұл имам сыртында жергілікті беделді ақсақалдардың бірі көбіне дүнген тілінде уағыз оқитынын тілге тиек еткен.

    «Ол не айтып жатыр? Бізге қарсы үгіт жүргізіп жатпағанына кім кепіл? Дүнгендер тек Құранды ғана емес, қоғамды сыйлай білуі шарт. Масаншы мен Сортөбе мешіттерінде жұма уағызы көбіне дүнген тілінде, кейбір мешітте орыс тілінде өтетінін білдім. Бірақ Қордай ауданының бас имамы қазақ, аты – Дәурен Құттыбаев. Дереу еліміздің Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен хабарластым. Ол облыстық имамды да Қордай ауданына жіберді» — дейді  Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

    Пікір жазу