БҰҰ өкілдері Н.Назарбаев орталығының қызметімен танысты

    125

    Жаһандық әлемде дінаралық және өркениетаралық диалогты алға жылжытуда пәрменді әдістерді қолдану мақсатында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысын нығайтып келеді. 

    БҰҰ және Қазақстан көптеген ауқымды мәселелер шеңберінде, оның ішінде бейбіт, дамушы және қауіпсіз болашақ орнату үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық үрдістерге бағытталған тұрақты даму саласында мақсаттарға қол жеткізу бойынша нәтижелі ынтымақтастық жүргізеді. 

    Осы мақсаттар шеңберінде Н.Назарбаев орталығы тарапынан әлемде дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту үшін БҰҰ-мен ынтымақтастықты орнату, кеңейту және тереңдету жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда.  

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Сиезінің мақсаттары мен құндылықтарын алға жылжыту, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 2021 жылы VII Сиездің бағдарын айқындау мақсатында Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаевтың БҰҰ Бас директоры аппаратының өкілдерімен кездесуі барысында Орталықтың қызметі толық таныстырылып, БҰҰ басшылығының Сиез жұмысына белсенді қатысуы атап өтілді.  

    БҰҰ-ның Женевалық бөлімшесінің бас директоры аппаратының жетекшісі Давид Чикваидземен кездесуде алдағы өтетін  VII Сиездің тақырып жобалары, дінаралық саммитте БҰҰ жоғары тұлғаларының қатысу мүмкіндіктері, Орталықтың БҰҰ-мен өзарақтатынасын реттеу механизмдері кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар, Швейцария Ислами мәдени қорының Бас директоры Ф.Зафиан, Конфедерация Орталық мешітінің бас имамы Нуриддинмен және ислам орталықтарының еуропалық ұйымдарының Президенті М.Зианмен тұжырымды кездесулер өтті.

    Швейцариядағы ең ірі мешітте өткен кездесу барысында Орталықтың қызметі таныстырылып, адамзат бауырластығы құжаты туралы пікірлер алмасуы өтті. Қорға қазақ рухани қайраткерлер немесе ағылшын, француз тілін игерген дінтанушы мамандарды дәріс оқуға шақырту жөнінде пікірлер айтылды.  

    Бүкіләлемдік Лютеран Федерациясының басшысы Мартин Юнге Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы сиез жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаевамен өткен кездесу мазмұнды жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті.  

    «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Сиез жетекшісі Дариға Нұрсұлтанқызымен өткен кездесу дін рухани кешенділіктен басқа халықаралық ынтымақтастықтың пәрменді институт дәрежесінде бола алатындығын көрсетті» – деп атап өтті Бүкіләлемдік лютеран федерациясының Бас хатшысы. 

    Орталықтың басқарма Төрағасы Астаналық дінаралық форумға көрсетілетін тұрақты қолдау үшін, әсіресе, Сиездің және оның жұмыс тобының қызметіне Лютерандық федерация өкілдерінің белсенді қатысуы және жұмысы үшін алғыс білдірді. Басқарма Төрағасы Федерацияның Африкамен қатар, басқа да мемлекеттерден келетін 2,5 миллион босқындарға көрсететін әлеуметтік көмегі дін басшыларының әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болып табылады деді:

    «Сіздің тараптан жүргізіліп жатқан жұмыс миллиондаған босқындарға адам құқығына, адам тұлғасының құндылығы мен бағалығына деген сенімін жоғалтпауға мүмкіндік береді». 

    Тараптар 2020 жылдың маусымында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Сиез Хатшылығының XIX отырысына дайындықты талқылап, алдағы XIX Хатшылық және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Жетінші Сиезі жұмысына қатысуға ниетімен бірге әрі қарайғы ынтымақтастыққа әзірлігін жеткізді.   

    Пікір жазу