БҰҰ: Хашкаджи өліміне саудиялық тұлғалардың қатысы бар

    123

    Астана. 8 ақпан. KAZISLAM – Саудияның оппозициялық журналисі Жамал Хашкаджиге қастандық ұйымдастырушы – Сауд Арабиясының ресми тұлғалары. Стамбулда тергеу қорытындысы бойынша БҰҰ соттан тыс өлімдер жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Калламар мәлімдеді, деп жазады Islam-today.

    Стамбулда БҰҰ сарапшылар тобының арнайы тергеуі 25 қаңтар күні басталған. БҰҰ өкілдері түрік тергеушілеріне «қылмыс орнын халықаралық стандарттарға сай кәсіби және тиімді зерттеуге өте аз уақыт пен мүмкіндік» берілген деген тұжырымға келді.

    Сарапшылар пайымдауынша, қылмыс «саудиялық жоғары лауазымды тұлғалардың қатысымен», «алдын ала жоспарланған және аса қатыгездікпен жасалған».

    Еске салсақ, ресми Риядты сынға алған белгілі журналистт Жамал Хашкаджи 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясының бас консулдығы ғимаратында аса қатыгездікпен өлтірілген болатын.