БҰҰ сарапшысы «Жусан-2» операциясына жоғары баға берді

    0
    340

    Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. KAZISLAM – БҰҰ тәуелсіз сарапшысы «Жусан-2» операциясына жоғары баға берді, — деп жазады baq.kz.

    Фионнуала Ни Аолэйн осы айдың басында  Сирия мен Ирактағы жанжал аймақтарынан елге қайтып оралған 231 азаматқа қатысты былай дейді:

    «Қазақстан – әйелдер мен балаларды елге қайтару мүмкін екендігін көрсетті және орындауға болатынын дәлелдеді. Бұл – басқалар үшін үлгі болатын жағдай. Осындай іс-әрекетті қайталау – басқа мемлекеттердің жауапкершілігі. Қазақстанның осындай гуманитарлық бастамасын өзгелерге үлгі етуге шақырамын».

    Оның айтуынша, бұл маңызды гуманитарлық бастама күрделі жағдайға ұшыраған балалар мен аналардың құқығын қорғап, жаһандық деңгейдегі елеулі мәселенің шешуіне жол ашады.

    «Қазақстанның лаңкестік пен терроризм аясындағы ұлттық заңнамасының азаматтық қоғамның топтарына қарсы жиі бағыттылатыны жасырын емес. Осы жағына алаңдаушылық білдіремін. Сондықтан Үкіметті олардың xалықаралық заңда қамтылғандай жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырамын», — деді БҰҰ сарапшысы.