Елімізде жыл сайын дінтану, исламтану және теология мамандарын даярлау үдерісі қарқын ала түсуде.

Дін мамандарын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ), А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ),  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (ЕҰУ), «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті (НМУ), Шет тілдер және іскерлік карьера университеті (ШТІКУ) даярлайды.

Аталмыш мамандықтар бойынша 2018-2019 оқу жылында барлығы 367 бакалавриат, 83 магистр,  14 докторант бітірген.