Бір мәдениет, бір тіл және бір діннің иесі

    145

    Нұр-Сұлтан. 11 қыркүйек. KAZISLAM – Шеттегі және Қазақстандағы қазақтар, әртүрлі жерлік ерекшеліктерден құралғанымен, бір мәдениет, бір тіл және бір діннің иесі. Олар ортақ тарихымен біріктірілген тұтас қазақ этносы болып табылады – дейді «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті, мемлекет қайраткері Нұртай Әбіқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында.

    Н.Әбіқайұлы Елбасының қандастарымызды қолдау саясаты ұлт тарихының тереңінен бастау алатынын ескеріп, оны іске асыру әрбір отандасымыздың міндеті деп санайды.

    «Қазіргі уақыттағы жұмыстарға тоқталатын болсам, Қазақстанның қоғамдық жаңаруы аясында Үкімет бекіткен 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес қандастарымыздың білім алуына және ана тілін сақтап қалуына жағдай жасау, шетелде тұрып жатқан қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық және ақпараттық-үйлестіру ісіне байланысты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізудеміз. Шетелдегі және тарихи Отанына көшіп келген ағайындарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының Тұжырымдамасы және «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы дайындалып,  «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған ғылымисараптамалық кеңесте талқыланып, қоғам тарапынан үлкен маңызға ие болды.

    Сонымен қатар Шетелдегі қазақ диаспорасын және репатриацияны қолдау бойынша 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссиясында қаралып, қолдау тауып отыр»  дейді «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті, мемлекет қайраткері Нұртай Әбіқаев.

    Пікір жазу