[:kk]Босқындар 5 есе жоғары депрессияға ұшырайды[:]

    0
    9

    [:kk]

    Астана. 20 наурыз. KAZISLAM – Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа территориясында тұратын босқындардың денсаулық жағдайы туралы алғаш рет кешенді баяндаманы жариялады, деп жазады Islam Today.

    Ұйым сарапшылары зерттеу жұмыстарын 900 миллион адам тұратын 53 елде жүргізген. Еуропаға көшіп келген босқындар саны жалпы халықтың 10%-ын құрайды. ӘДҰ Еуропа аймақтық бюросының Миграция және денсаулық жөніндегі бағдарлама үйлестірушісі Сантино Севернидің айтуынша, баяндаманың негізгі бөлігі инфекциялық ауруларға арналған. Айта кету керек, босқындар арасындағы ауру деңгейі жергілікті көрсеткіштен жоғары емес.

    Сонымен қатар баяндамада жалпы босқындар денсаулығы және жас ерекшеліктері жергілікті халықтан жақсы екені жазылған. Ал психикалық денсаулық жағдайы көңіл көншітерлік емес. Зерттеу жұмыстарына сәйкес, босқындар жергілікті халыққа қарағанда 3-5 есе депрессияға ұшырайды.

    [:]