Белгілі заңгер Мұхит Ізбанов өмірден өтті

    0
    290

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Мұхит Кәрімұлы Ізбанов ағамыз кеше мезгілсіз өмірден өтті.

    Бүкіл өмір жолын еліне қызмет етуге арнаған Мұхит Кәрімұлы үлкенге – ілтипатты іні, кішіге – қамқор аға бола білді.

    Орны толмас қайғылы қазаға орай «Отандастар қоры» КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  ұжымы қайғырып көңіл айтады.

    Орныңыз пейіште болсын. Бақұл болыңыз, Ағажан.

     Мұхит Кәрімұлы Ізбанов

    1951 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Ащысай кентінде туған. Қазақ. Анасы — Ізбанова Таразы Жаппасқызы (1930 жылы туған), зейнеткер, «Ақтөбе» кеңшарында жұмысшы болған. Орал ауыл шаруашылығы институтын (1973) ғылым-зоотехник мамандығы бойынша; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1994) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).

    • 1973-1982 жылдары — Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы Прогресс ауылы В.И. Ленин атындағы ұжымшардың зоотехник-сұрыптаушысы, бас зоотехнигі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, басқарма төрағасының орынбасары.
    • 1983-1989 жылдары — Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы Хлебодаровка ауылы «Хлебодаровский» кеңшары партия комитетінің хатшысы.
    • 1990-1993 жылдары — Халық депутаттары кеңестерінің жұмысы, басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, ҚР Жоғары Кеңесінің сыртқы қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның м.а.
    • 1992-1993 жылдары — ЕҚЫҰ Парламентассамблеясының вице-президенті.
    • 1994-1996 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон департаменті бастығының бірінші орынбасары.
    • 1997 жылдан — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік үдерістерді талдау және болжау бөлімінің маманы, бөлім бастығы, босқындармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы.
    • 1998 жылдан — ҚР Көші-қон және демографияагенттігі Көші-қон басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.
    • 2004 жылдан — ҚР II Арнайы қорғау қызметі бас басқармасының бастығы.
    • 2006 жылдың ақпанынан — «Теміржолжылу» АҚ аппаратының басшысы.
    • 2006 жылдың тамызынан бері — Атырау облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аумақтық басқармасының бастығы — Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
    • 2017 жылдан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі

    ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты (1990-1993). «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2007) марапатталған.