Бақытжан Сағынтаев мешіт ахуалымен танысты

    323

    12 шілде. KAZISLAM – Бүгін Алматы қаласының Орталық мешітінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп жазады muftyat.kz.

    Кездесуде Алматы қаласында діни салада атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайту мәселелері сөз болды.

    Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Бақытжан Әбдірұлына қалада орналасқан 51 мешіттің сауапты һәм салауатты шаралары жайлы, қайырымдылық бағытындағы игі жобалары туралы баяндап берді.

    Қасиетті жұма күнгі кездесу соңында Орталық мешітте Құран оқылып, дұға жасалды.