Бас мүфти Шымкентте халықаралық конференцияға қатысты

    590

    24 сәуір. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Ұлы даланың батырлары – ақ тулы сіргелі Жабай батыр» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.   

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өткен халықаралық жиынға алыс-жақыннан келген ғалымдар, еліміздің зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар мен көрнекті жазушылар, сонымен қатар Жабай батырдың ұрпақтары қатысты.

    Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Арғы бабаларымызды ауызға алғанда әуелі Әбу Насыр әл-Фарабиді айтамыз, содан кейін Әзіреті Сұлтан атанған Қожа Ахмет Ясауи, бергі тарихымызда Төле би, Бекасыл әулие, Жабай ата, Құртқа тәуіптердің тұлғасы еске түседі. Осы ретте Жабай атаның өнегелі өмірі мен тұлғасын паш ету мақсатында тарихшылармен бірігіп, жаңа зерттеу жұмысын бастауды ұсынамын. Екіншіден, әулие, батыр Жабайдың ғибратты ғұмыры жайлы Алматыдағы «Нұр Мүбарак» университеті мен еліміздегі 9 медреседе тұлға жайлы тәлімдік дәрістер өткізу маңызды деп есептеймін. Үшіншіден, «кино – өнердің ішіндегі ең озығы» дегендей, Жабай батыр туралы көркем фильм түсірудің маңызы үлкен екенін атап өткім келеді. Бұл туынды жастардың санасына патриоттық сезімдерді сіңіріп, имандылыққа баулитын игі тележоба болар еді», – деп атап өтті.