Бас мүфти онлайн арқылы Жұма насихатын жүргізді (ВИДЕО)

    101
    Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында насихат айтты.
    Наурызбай қажы Тағанұлы «Әрбір адамның жарық күні санаулы. Сондықтан, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қысқарта алмаймыз. Оның өлшемі Ұлы Жаратушының құзырында» дей келе, жер бетіндегі барлық нәрсенің пәни екенін еске салып, уақыттың қадірін білуге шақырды.
    «Уақыт алдында мұсылманның екі міндеті бар. Біріншісі – уақытты жүйелеу, екіншісі – бос уақытты тиімді пайдалану» деп, Бас мүфти екі нығмет – денсаулық пен уақытты пайдалы іске жұмсау қажеттігіне мән берді.
    Сөз соңында ҚМДБ Төрағасы жұртшылықты Шағбан айының кіруімен құттықтап, қазіргі төтенше жағдайдың аяқталып, мешіттерде жамағатпен бірге намаз оқып, бұрынғы мамыражай күнге тезірек жетуімізге дұға етті.

    Пікір жазу