Бас мүфти Мәжіліс депутатымен кездесті

    105

    19 ақпан.  KAZISLAM — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаевпен кездесті.

    Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтаған Б.Ертайұлы: «Талай жылдан бері дін қызметінде келе жатқан азаматсыз. Қайраткерлігіңіз, ұйымдастыру-үйлестіру сынды қабілетіңізбен елге танылдыңыз. Міне, Бас мүфти қызметіне сайландыңыз. Бәрі баянды болсын! Аллаға шүкір, дініміз дамып, жамағатымыз көбейіп келеді. Ендігі мақсат – дін ісіндегі шаруаны дөңгелетіп, тиянақты жұмыс істеу. Тәжірибеңіз бен біліміңізді елдің діни сауатын ашуға жұмсай беріңіз. Біз де осы елдің азаматы, ата дініміздің жанашыры ретінде әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз» деген жылы лебіздері мен ақ тілегін жеткізді.

    Кездесуде жастарды жат ағымның теріс идеологиясынан сақтандыру, «Жеті рухани қазық» құжатында жазылған отаншылдық, әділдік, бірлік, білімділік сынды құндылықтарды халыққа кеңінен насихаттау қажеттігі сөз болды.

    Пікір жазу